2026 жылғы 26 наурызда сағат 15.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы туралы хабарлама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026  жылғы 26 наурызда сағат 15.00-де  ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы туралы хабарлама

 

2026  жылғы 26 наурызда сағат 15.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтеді.

Отырысты Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясының төрағасы М.С.Жутаев ашып жүргізеді.

 

Отырыстың күн тәртібі:

 

          Мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілген мәслихат шешімдерінің кейбір жобаларын алдын ала қарау туралы:

  1. Мәслихаттың 2023 жылғы 7 маусымдағы № 28 «Қостанай облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Мәслихаттың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 54 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Мәслихаттың 2023 жылғы 11 тамыздағы № 43 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

 

Қатысуға өтініш мына телефон арқылы: 8(7142) 542430,  542080. 

Электрондық пошта: 575601@mail.kz

Онлайн-көрсетілімге сілтеме:

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1185702?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді