«Наурыз достарын шақырады — 2026» халықаралық фестивалі 🌸

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17–19 наурыз күндері «Жастар сарайында» хореографиялық өнердің VII халықаралық фестивалі өтті.

Фестивальге Қазақстан, Өзбекстан, Башқұртстан, Ресей және Беларусь елдерінің шығармашылық ұжымдары қатысты. Олардың қатарында «Карнавал» хореографиялық ұжымы да өнер көрсетті.

✨ Әр ұжым өз мәдениетінің ерекшелігін, би өнеріндегі шеберлігін жоғары деңгейде таныстырды.

🏆 Марапаттау рәсімінде Қостанай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүндікованың қолынан қатысушылар дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.

🎖 Фестиваль негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Шамиль Фахрутдиновке ерекше құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылды.

💫 Фестиваль қорытындысы ретінде «Жастар сарайы» алаңында 500 қатысушы «Төрлет, Наурыз!» сөзін құрап, әсерлі флешмоб ұйымдастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-stepnoi/press/news/details/1185762?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді