
Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Атырау және Ақтау гарнизондарының әскери бөлімдерін аралады.
Батыс өңірде ол әскери инфрақұрылым нысандары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің жағдайын тексерді.
Атырау облысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қауіпсіздік шараларына, күзетті күшейтуге және төтенше жағдайларға ден қоюды жетілдіруге жіті назарға алып, аса маңызды объектілерді инспекциялады.
Бөлімшелердің даярлығын бағалау оқу-жаттығу сабақтары түрінде іске асырылды. Әскерлер орналасқан жерлерде генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров кезекші күштердің жай-күйін, радиолокациялық станциялардың техникалық жарамдылығын, сондай-ақ әуе нысандарын анықтау және оларды зақымдау құралдарын тексерді.
Бас штаб бастығы одан бөлек, бөлімшелердің үйлесімді әрекет ету деңгейін және олардың бірыңғай басқару жүйесі шеңберінде іс-қимыл қабілетін зерделеді. Атап айтқанда, іс-қимылды нақты үйлестіруді, шұғыл шешім қабылдауды және тез өзгеретін жағдайда әскерді ұдайы басқаруды қамтамасыз ететін алдын ала әзірленген және жан-жақты тексерілген алгоритмдер негізінде міндеттер пысықталды.
Ақтау гарнизонының Әскери-теңіз базасына барғанда генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров зымыранды-артиллериялық кемелердің жауынгерлік даярлығын, кезекшілік атқаруын және навигациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды бағалады. Сол жерде зениттік зымыранды кешендерінің есептоптары берілген алгоритмдер бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтады және Әскери-теңіз күштері теңіз жаяу әскерлері шабуылдау батальонының десанттық мүмкіндіктері тексерілді.
Дене шынықтыру дайындығындағы жоғары көрсеткіштері үшін генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров 51809 әскери бөлімінің мерзімді қызмет жауынгерлері – ефрейторлар Яссин Бостан мен Әлимұса Әбілбекұлын 10 күндік демалыспен марапаттады.
Комиссияның гарнизондардағы жұмысының қорытындысы бойынша Қорғаныс министріне әскери инфрақұрылымның әлеуетін арттыру, бөлімшелердің әзірлігін одан әрі нығайту және жеке құрамның жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстармен баяндама жасалатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185757?lang=kk

Жауап қалдыру