ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Отырар ауданына қарасты Қостүйін елді мекенінде көптен күткен табиғи газ беру рәсімі салтанатты түрде өтті. Бұл – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жобалардың бірі.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты жаңалықпен құттықтады.
Аудан басшылығы өз сөзінде табиғи газдың елді мекендерге кезең-кезеңімен тартылуы – халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі екенін атап өтті. Сондай-ақ, бұл игілік ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретінін жеткізді.
Бүгінде аудан көлемінде 21 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл көрсеткіш – өңірдегі инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың жемісі.
Қуанышқа ортақтасқан Қостүйін ауылының тұрғындары ел игілігі жолындағы бастамаларға алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Алдағы уақытта да елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1185772?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді