
«Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жанынан арнайы еріктілер штабы құрылды. Бүгінде штаб құрамында 100-ге жуық жас ерікті өз жұмысын атқарып жатыр.
Еріктілер штабы 5 негізгі бағытта жұмыс істейді. Атап өтетін болсақ, этноауылдарда 30-ға жуық ерікті қызмет етуде. Сонымен қатар, 10 ерікті шетелдік қонақтар үшін аудармашы қызметін көрсетуде. Мәдени шаралар кезінде сахна сыртында да еріктілер қызмет атқарып, іс-шаралардың өз деңгейінде өтуіне үлес қосуда,- дейді Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бас маманы Наурызгүл Тәжедин.
Айта кетейік, еріктілер өңірге келген 5 мемлекеттің қонақтарын күтіп алып, іс-шара бойынша ақпараттандырды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/970991?lang=kk

Жауап қалдыру