«ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК » ВЕБИНАРЫ ТУРАЛЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК » ВЕБИНАРЫ ТУРАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 19 наурызда әдістемелік көмек ретінде бастауыш сынып мұғалімдеріне онлайн форматта вебинар ұйымдастырылды. Вебинарға бастауыш сынып мұғалімдері мен әдіскерлері қатысты.
Вебинардың мақсаты- бастауыш сынып мұғалімдерінің функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың білімін өмірлік жағдаяттарда қолдануға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен және педагогикалық тәжірибемен таныстыру.
Вебинарда Амангелді, Меңдіқара, Қамысты, Қарабалық, Науырзым ауданының бастауыш сынып мұғалімдері ««Функционалдық сауаттылық: ашық мүмкіндіктер сабағы»» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушыларға мәтінді түсіну, талдау, салыстыру және ақпаратты өмірде қолдану дағдыларын қалыптастырумен қатар, сыни ойлауды дамыту стратегиялары, мәтінмен жұмыс түрлері, диалогтік оқыту, функционалдық тапсырмалар, сондай-ақ оқу үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану әдістері көрсетілді.
Вебинар қорытындысы бойынша бастауыш мектептегі функционалдық сауаттылықта білім сапасын арттыруға арналған практикалық құралдар ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1185821?lang=kk