Өскемен қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тұрақты комиссияның отырысы барысында жастарды мәдени, адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу мәселесі қаралды. Өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті, сондай-ақ мәдениет пен адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды дамытуға ерекше назар аударылды.

Комиссия мемлекеттік мекемелердің, жастар ұйымдары мен ардагерлер бірлестіктерінің оқу жылы бойы ғана емес, демалыс уақытында да акциялар, кездесулер мен білім беру іс-шараларын ұйымдастырудағы бірлескен жұмысының қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ, кадрлық өзгерістерге байланысты ведомствоаралық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1185810?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді