АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ АУЫЗАШАРҒА СУ МЕН ҚҰРМА ТАРАТТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қасиетті Рамазан айында Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері ізгі бастама көтеріп, жолда жүрген жүргізушілерге ауызашарға су мен құрма таратты.

Шара барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды тоқтатып, оларға ауызашар уақытында ішіп-жейтін су мен құрма ұсынып, қасиетті аймен құттықтады. Полицейлер жүргізушілерге жылы лебіздерін білдіріп, Рамазан айының мейірім мен сабырдың, бірлік пен қайырымдылықтың айы екенін атап өтті.

— Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қадірлі қонақтары! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймыз. Рамазан – мейірім мен сабырдың, бірлік пен ізгіліктің айы. Бұл – жүректерге иман нұрын себіп, адамдарды жақсылық пен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті уақыт. Осы берекелі ай әр шаңыраққа амандық, тыныштық және молшылық әкелсін. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, игі амалдарыңыз сауаптан жазылсын, — деді полиция қызметкерлері.

Жүргізушілер өз кезегінде тәртіп сақшыларына алғыстарын білдіріп, мұндай игі шаралар қоғамдағы өзара құрмет пен түсіністікті нығайта түсетінін атап өтті.

Айта кетейік, мұндай қайырымдылық және профилактикалық шаралар Рамазан айы бойы өңірдің әр ауданында ұйымдастырылып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, қоғамда мейірімділік пен бірлік құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1185882?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді