ҚОНАЕВТА СТУДЕНТТЕРГЕ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСТАРЫ ҮШІН СОТТАЛҒАНДАРМЕН ТЕЛЕКӨПІР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп Қонаев көпсалалы колледжінің студенттері үшін профилактикалық іс-шара өткізді. Кездесу аясында Алматы облысы бойынша ҚАЖ №12 мекемесімен телекөпір ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу және студенттердің есірткі заттарына деген тұрақты теріс көзқарасын қалыптастыру.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері студенттерге есірткінің зияны, оның адам денсаулығына тигізетін ауыр зардаптары туралы, сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолдану мен таратуға қатысты құқықтық жауапкершілік жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттерге қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, есірткі заттарын сақтау, өткізу және тарату үшін қандай қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.

Іс-шараға қатысушыларға заңсыз есірткі айналымына байланысты қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан сотталғандармен ұйымдастырылған телекөпір ерекше әсер қалдырды. Сотталғандар өз өмірлерінде жіберген бір ғана қате шешім олардың тағдырын қалай өзгерткенін, бостандықтан айырылып, болашақ жоспарларының күйрегенін ашық айтып берді. Олар студенттерді өз қателіктерін қайталамауға шақырып, есірткі мен оған байланысты әрекеттердің адам өміріндегі жылдарды жоғалтуға тұрмайтынын атап өтті.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заң бұзушылықтың салдарын өз басынан өткерген адамдардың өмірлік оқиғаларын тыңдауға мүмкіндік алды.

Алматы облысы Полиция департаментінде мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және оларды есірткінің заңсыз айналымына тартудың алдын алуға бағытталғаны атап өтілді. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1185880?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді