Аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Р.Уразалиевтің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Р.Ғұмар, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Тлекқабылов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы С.Бекқалиева, «Коммунал» МКК басшысы А.Төлешов, бұқаралық ақпарат құралының өкілі С.Жұмасалықов, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Семенов хабарлама жасады.
✅1.Жаңақала аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» № 34-1 шешіміне өзгерістер енгізу (Арнайы техникаларды лизинг арқылы сатып алу) туралы. Атап айтқанда, Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне Коммунал МКК-ға арнайы техникалар (аралас жол машинасы, ассенизатор, қоқыс таситын көлік) «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы лизингке сатып алуға (сыйақы мөршерлемесімен қоса есептегенде) 5 жылға барлығы 307377,0 мың теңге қаражат төмендегі жылдар бойынша 2027 ж – 72 718,0 мың теңге, 2028 ж- 67 097,0 мың теңге, 2029 ж – 61 476,0 мың теңге, 2030 ж – 55 854,0 мың теңге, 2031 ж- 50 232,0 мың теңге.
✅2. Жаңақала аудандық мәслихатының «2026-2030 жылдарға арналған Жаңақала ауданының даму жоспарын бекіту туралы» 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №34-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Аталған мәселелер бойынша шешім жобаларына ұсынымдар берілді.
Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдіріп, отырыс өз жұмысын қорытындылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhangala-maslihat/press/news/details/1185893?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді