Ақтау қаласында көктемгі абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес қала аумағында көктемгі абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Атап айтқанда, теңіз жағалауындағы балясиналар сырланып, орындықтар мен брусчаткалар қалпына келтірілуде. Сонымен қатар, көше жарық шамдары жаңартылып, шағын аудандар ішіндегі жаяу жүргінші жолдары ретке келтірілуде.

Бұдан бөлек, қала аумағындағы ескерткіштердің маңы абаттандырылып, тазалық және көркейту жұмыстары жүргізілуде.

Аталған бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, күнделікті негізде жалғасын табатын болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1186058?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді