Жетісу облысында «Заңсыз» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17–20 наурыз аралығында Жетісу облысының аумағында көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтуге бағытталған «Заңсыз» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты — заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу, Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік азаматтардың болу қағидаларын бұзу фактілерін анықтау, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Аталған іс-шара аясында полиция қызметкерлері жұмыс берушілер, кәсіпорындар және жеке тұлғалар тарапынан шетелдік азаматтарды заңсыз еңбекке тарту фактілерін анықтауға бағытталған кешенді тексерулер жүргізуде.

Профилактикалық жұмыстар барысында құрылыс нысандары, базарлар, қонақ үйлер, хостелдер, демалыс орындары, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ шалғайдағы елді мекендер мен қыстаулар тексерілуде. Сонымен қатар, жеке тасымалдау саласында заңсыз қызметпен айналысатын шетелдік азаматтарға (такси қызметтері арқылы, соның ішінде «Яндекс Такси», «InDriver» және басқалары) ерекше назар аударылуда.

⚠️ Заңсыз көші-қон ұлттық қауіпсіздікке және әлеуметтік тұрақтылыққа елеулі қатер төндіреді.

Жетісу облысы Полиция департаменті азаматтарды көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға, шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартуға жол бермеуге және осындай құқықбұзушылықтар туралы «102» арнасына хабарлауға шақырады.

#заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1186375?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді