
Батыс Қазақстан облысында Наурыз мерекесі қарсаңында эстафета ұйымдастырылды.
Департамент, жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының қызметкерлері мен еріктілер бірлесіп, Теректі ауданы Подстепное ауылында тұратын жалғызбасты және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектесті.
Олар тұрғындарды келе жатқан мерекемен құттықтап, аула аумақтарын қар мен қоқыстан тазалап берді.
Бұл эстафета облыстың барлық аудандарында жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1186437?lang=kk

Жауап қалдыру