19 Наурыз – Жаңару күні!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19 наурыз – Жаңару мерекесі қарсаңында Маржанбұлақ орта мектебінің оқушылары игі іс атқарды.

Наурызнама онкүндігі аясында мектеп оқушылары табиғатқа қамқорлық танытып, сыныптағы бөлме гүлдерін суарып, топырағын қопсытып, жасыл желекке ерекше көңіл бөлді. Бұл – сырттай қарағанда қарапайым еңбек болғанымен, оның тәрбиелік мәні зор. Ол оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға баулиды.

Осындай қарапайым, бірақ мағыналы істер арқылы оқушылар еңбектің қадірін түсініп, табиғатты аялауды үйренеді.

Жаңару мерекесі баршаға жаңа серпін, жарқын бастамалар мен игі өзгерістер әкелсін!

https://www.instagram.com/reel/DWGeblOAovW/?igsh=MTdlMmdsdTIwaWczYQ%3D%3D

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-marzhanbulaq/press/news/details/1186430?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді