
Тараз қаласы Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова №3 аумақтық округ тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық мәселелері және тұрғындарды толғандырған өзекті сұрақтар талқыланады.
Тұрғындар аудан басшысына өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейдегі мәселелерін жеткізе алады.
Кездесу 2026 жылдың 26 наурыз күні сағат 10:00-де, Тараз қаласы, 2-Лукманов өткелі №2 мекенжайында орналасқан №26 орта мектепте өтеді.
Барлық округ тұрғындарын кездесуге қатысуға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhibekzholy/press/news/details/1186311?lang=kk

Жауап қалдыру