“Әлем-Нұр” бөбекжайында “Наурыз-береке, спорт-мереке” атты мерекелік ертеңгілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 20 наурыз — Наурызнама онкүндігінің «Ұлттық спорт» күніне орай балабақшамызда «Наурыз береке — спорт мереке» атты ерекше ертеңгілік өтті!
Мерекеміздің сәнін кіргізіп, қонаққа аты аңызға айналған Алдар Көсе, Тазша бала және Қожанасыр келді!  Олар балалармен бірге ұлттық ойындар ойнап, бүлдіршіндерге нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік думан қалай өтті?
 Спорттық рух: Аналарымыз «Арқан тартыс» сайысына қатысып, нағыз ептілік пен бірліктерін көрсетті!
 Шығармашылық: Кішкентай жұлдыздарымыз өз өнерлерін ортаға салып, мың бұрала би билеп, әсем ән шырқады.
 БАУЫРСАҚ PARTY: Мерекенің ең дәмді сәті — баршаға ыстық, хош иісті бауырсақтар таратылды! Балалар нағыз бауырсақ кешінде мәз-мейрам болды.
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, балалардың бойына отансүйгіштікті сіңіру — біздің басты мақсатымыз! 
Наурыз мейрамы құтты болсын! Ақ мол, береке көп болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ekpindi/press/news/details/1186232?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді