
2025 жылғы 20 наурызда департамент басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкілдің Л.Е. Сартымбетованың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына және ойын-сауық мекемелеріне баруына жол бермеу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында мемлекеттік функцияларды орындау кезінде іскерлік киім үлгісін қатаң сақтау қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ мереке күндері қарсаңындағы мінез-құлық нормалары түсіндіріліп, жалпы қабылданған моральдық-әдептік қағидаларды сақтау және қызметтік әдеп талаптарын бұзуға жол бермеу қажеттігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1186228?lang=kk

Жауап қалдыру