КЕЛЕСТЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЗАҢНАМАДАҒЫ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында еңбек қатынастары мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған маңызды жиын өтті. Басқосуды аудан әкімдігі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің басшысы Ерлан Ибраимов ашып, жиынның негізгі мақсаты мен күн тәртібіне тоқталды.
Жиынға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары – Ғалымжан Сапарқұлов пен Мұхтар Төленов, сондай-ақ «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі Руслан Абдуллаев қатысты.
Кездесу барысында 2026 жылы күшіне енетін Еңбек кодексіндегі негізгі өзгерістер кеңінен түсіндірілді. Мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сапарқұлов жаңа нормалардың жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін маңызына тоқталып, еңбек қатынастарын реттеудегі өзекті мәселелерді атап өтті. Өз кезегінде Руслан Абдуллаев қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандырудың тетіктері мен артықшылықтарын баяндап, бұл бағыттағы сақтандыру жүйесінің маңыздылығын жеткізді.
Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Төленов еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алу және сақтандыру талаптарын сақтау мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Жиын барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ұсыныстар талқыланды. Көтерілген мәселелердің өзектілігі ескеріліп, тиісті сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1185988?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді