Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл бұл айтулы мереке Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурызбен қатар келіп, қос мерекенің шапағатын бірге сезінуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл – береке мен бірліктің, жаңару мен мейірімнің ерекше кезеңі.
Ораза айт – кешірім мен қайырымдылықтың, татулық пен ізгіліктің мерекесі. Айт күні әр шаңырақта ақ дастархан жайылып, ізгі тілектер айтылып, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіледі.
Осындай асыл құндылықтарымыз қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайта түседі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әр шаңыраққа шаттық пен береке орнасын!
Жауап қалдыру