
Жаңаөзен қаласында Наурыз мерекесі аясында Ұлттық спорт күніне орай ұлттық спорт түрі – қазақ күресінен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері арасында ашық турнир ұйымдастырылды.
Аталған жарыс ұлттық спортты дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлердің кәсіби әрі дене дайындығын арттыру мақсатында өткізілді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендердің зор қызығушылығын тудырды.
Турнирге әр бөлімнен келген мықты палуандар қатысып, өзара бақ сынасты. Белдесулер барысында спортшылар күш-жігерін, ептілігі мен төзімділігін паш етіп, тартысты әрі әсерлі кездесулер сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер келесідей анықталды:
70 кг салмақ дәрежесі бойынша:
1-орын – Бердімұратов Нұрсұлтан (МӨСБ-2)
2-орын – Жұмабаев Саламат (МӨСБ-2)
3-орын – Оразов Жасұлан (Жаңаөзен қаласы ТЖБ)
85 кг салмақ дәрежесі бойынша:
1-орын – Үмбетбаев Дәулет (ӨСБ-9)
2-орын – Есқуатов Марат (МӨСБ-3)
3-орын – Жолжанов Бекжан (МӨСБ-2)
90+ кг салмақ дәрежесі бойынша:
1-орын – Боранбаев Тұрлыбек (ӨСБ-4)
2-орын – Кенжеғалиев Сәдірқожа (МӨСБ-3)
3-орын – Аметов Нұрболат (Жаңаөзен қаласы ТЖБ)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осындай игі бастамалар Ұлттық спорт күні аясында ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, сондай-ақ қызметкерлер арасындағы ауызбіршілік пен командалық рухты нығайтуға зор үлес қосады.
Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1185964?lang=kk

Жауап қалдыру