Мемлекеттік қызметтердегі Apple Store форматынан бастап ауқымды AI хабқа дейін: Алматыда технологиялар қалай дамып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыға жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қаланың негізгі инновациялық алаңдарының жұмысын тексерді. Бұл нысандарда цифрлық трансформация тұжырымдамадан нақты тәжірибеге айналған.

Сапар барысында Higsfield, Zimran және басқа да жетекші технологиялық командаларды қоса алғанда, IT-компаниялар өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.

Жаслан Мәдиев қайта құрылуға дайындалып жатқан Медеу ауданының ХҚКО-сына барды. Мұнда үйреншікті кезектердің орнына Apple Store деңгейіндегі заманауи технологиялық кеңселерге ұқсас «Жаңа буынның цифрлық офисі» концепциясы енгізілуде. Жаслан Мәдиев кедергісіз ортаның қаншалықты түсінікті екенін анықтау үшін клиент жолын өзі жүріп өтті. Министр мемлекеттік қызметтер азаматтар үшін «көрінбейтін» болуы керектігін, ал басты басымдық – мемлекетпен өзара іс-қимылды жылдам әрі қарапайым ету үшін сервистердің кемінде 70%-ын электронды форматқа көшіру екенін атап өтті.

Азаматтық сектормен қатар, цифрлық трансформация қорғаныс саласын да қамтыды. Сапар бағдарламасына Армия үйінің базасындағы Defense Tech IT паркінде орналасқан Almaty Hub алаңына бару да енді. Almaty Hub жасанды интеллект саласындағы стартаптар экожүйесін, Astana Hub бағдарламаларынан өткен және ЖИ-ді түрлі салаларда, соның ішінде қорғаныс саласында қолданатын жобаларды таныстырды. Министрге инженерлік әлеует пен жаңа құзыреттерді дамытуға бағытталған робототехника мектебінің жобалары мен роботтандырылған шешімдер көрсетілді.

Сондай-ақ, Алматыға жасаған сапардың қорытындысы бойынша жаңа Almaty AI Hub орналасатын орын айқындалды. Бұл стартаптарды, инвестицияларды тартудың және өңірдегі ЖИ-экожүйесін дамытудың негізгі орталығына айналатын, аумағы бойынша ең ірі IT-хабтардың бірі болмақ.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Almaty Hub алаңында өткен Digital Nauryz мерекелік іс-шараларына қатысты.

Нысандарды аралау қорытындысы бойынша Жаслан Мадиев Алматы инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар беріп, қала ең заманауи цифрлық стандарттарды игеруде көшбасшылығын сақтауы тиіс екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1186578?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді