
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді барша халқымыз үшін маңызы зор, жаңару мен жасампаздықтың жарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – бұл табиғаттың түлеп, тіршіліктің жаңарып, адамдардың бір-біріне ізгі тілек пен жылы ықылас білдіретін ерекше кезеңі. Қаламыз күн санап көркейіп, заманауи инфрақұрылым қалыптасып, жаңа нысандар бой көтеріп келеді. Бұл – ортақ еңбектің, бірліктің және ел дамуына деген сенімнің нақты көрінісі. Алдағы уақытта да Қосшы қаласы қарқынды дамып, тұрғындарға қолайлы әрі жайлы мекенге айнала беретініне сенімдімін.
Қадірлі жерлестер!
Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа ырыс-береке, бақ-дәулет, татулық пен тыныштық әкелсін! Дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Қосшымыз көркейіп, еліміз өркендей берсін!
Ұлық мерекеміз ұлықтала берсін!
Әлихан Қуатбеков,
Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1186577?lang=kk

Жауап қалдыру