
21 наурыз күні елорданың алты ауданындағы тұрғын алаптарда ересектер мен жасөспірімдерге арналған интерактивтер арқылы концерттік бағдарламалар өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
21 наурыз күні сағат 12:00-де Сарайшық ауданының «Промышленный» тұрғын алабында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама басталды. Тұрғындар үшін ұлттық ойындар мен түрлі интерактивтер ұйымдастырылған.
Сол сияқты Нұра ауданының Үркер тұрғын алабындағы Айғыржал саябағында сағат 12:00-ден бастап Наурыз мерекесі тойлана бастады.
Мұнда кәсіпкерлердің қатысуымен киіз үйлерде жәрмеңкелік сауда ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілуде.
Сарыарқа ауданының Көктал-1 тұрғын алабында 21 наурыз күні сағат 12:00-ден бастап мерекелік көңіл көтеру іс-шаралары басталды: концерттік бағдарлама мен ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Байқоныр ауданының Кірпішті тұрғын алабында 21 наурыз күні сағат 12:00-де аудан тұрғындарына арналған концерттік бағдарлама өтті.
Есіл ауданының Пригородный тұрғын алабында да 21 наурыз күні сағат 12:00-де концерттік бағдарлама басталып, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар мен түрлі интерактивті іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ал Алматы ауданындағы Теміржолшылар тұрғын алабында ұлттық спорт жарыстары, концерттік бағдарлама, интерактивті іс-шаралар, сәндік-қолданбалы өнер көрмелері және мерекелік сауда ұйымдастырылды.
22 наурыз күні сағат 12:00-ден бастап мерекелік шаралар келесі тұрғын алаптарда жалғасады:
Интернациональный тұрғын алабы;
Мичурино тұрғын алабы;
Күйгенжар тұрғын алабы;
Отау тұрғын алабы;
Бағыстан тұрғын кешені;
Өндіріс тұрғын алабы;
Көктал-2 тұрғын алабы (Қорғалжын сквері).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1186586?lang=kk

Жауап қалдыру