
Қадірлі отандастар! Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Тамыры тереңге бойлаған бұл көктем мерекесі елімізді бейбітшілік, татулық және өзара құрмет құндылықтарының айналасына біріктіреді. Ол ұлттық дәстүрдің сабақтастығын сақтаудың, мәдени мұраға құрметпен қараудың және ортақ болашақ үшін бірлікті нығайтудың маңызын айқындай түседі.
Биыл біз әз Наурыз мейрамын ерекше көңіл күймен қарсы алып отырмыз. Көктемгі жаңару кезеңінде, 15 наурыз күні, еліміздің азаматтары маңызды таңдау жасады. Қазақстандықтардың басым бөлігі еліміздің құқықтық әрі институционалдық негізін жаңартуға жол ашатын жаңа Конституцияны қолдады. Бұл өзгерістер адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге және саяси жүйені біртіндеп жаңғыртуға бағытталған.
әз Наурыз – жаңарудың, табиғаттың жаңа кезеңінің басталуы, өткенге ой жүгіртіп, болашақ бағдарды айқындайтын маңызды сәт.
Осы мейрамның мәнін құрайтын өзара түсіністік, жауапкершілік пен ынтымақ еліміздің дамудағы берік негізіне айналсын.
Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, татулық пен ырыс-береке тілейміз. Әр шаңыраққа жылулық пен келісім орнап, адал еңбек пен әділдікке ұмтылыс мемлекетіміздің нығаюына қызмет етсін.
Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1186608?lang=kk

Жауап қалдыру