
2026 жылғы 21 наурыз күні Жағатал ауылдық округінде Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті.
Аталған мерекеге орай арнайы мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Шара барысында әр көше тұрғындары ұлттық дәстүрді дәріптей отырып, қазақ үйлерін тігіп, келген қонақтарды құрметпен қарсы алды.
Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық тағамдар ұсынылып, салт-дәстүрлер насихатталды. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, атап айтқанда арқан тарту, қол күресі бойынша сайыстар өткізілді. Жарысқа қатысушылар өзара бақ сынасып, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.
Бұл игі шара ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға зор үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1186612?lang=kk

Жауап қалдыру