Астанада Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті  

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19 наурыз күні Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжановтың төрағалығымен мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдауға арналған қонақүй инфрақұрылымының дайындығы жөнінде Сараптамалық кеңес өтті.

Отырысқа инклюзивті қолжетімділік саласының сарапшылары, мемлекеттік органдардың, қонақүй бизнесінің өкілдері мен тәуелсіз мамандар қатысты.

Отырыс барысында елордадағы қонақүйлерде қолжетімді орта қалыптастырудың негізгі мәселелері қаралды. Қатысушылар кіреберіс аймақтарын абаттандыру, оның ішінде пандустарды орнату және жаңғырту, сондай-ақ бөлмелерді инклюзивті талаптарға сай бейімдеу шараларын талқылады.

Кедергісіз ортаны дамытуда кешенді тәсілдің қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Қолжетімділік барлық санаттағы қонақтардың қажеттіліктерін ескеруі тиіс екендігі аталды — тек тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар ғана емес, сонымен қатар, көру және есту қабілеті бұзылған келушілер, менталдық ерекшеліктері бар және аутистикалық спектрдегі кемшіліктері бар адамдар.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық азаматтар үшін туристік қызметтерге қолайлы, қауіпсіз әрі тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған әмбебап шешімдерді енгізудің маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1186637?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді