5 сәуір күні Ақсу кентінде «Ақсу – киелі мекен, кенді өлкем» атты кітаптың салтанатты тұсаукесері өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

5 сәуір күні Ақсу кентінде өткен жылы атап өтілген ауылдың 95 жылдық мерейтойына арналған «Ақсу – киелі мекен, кенді өлкем» атты кітаптың салтанатты тұсаукесері өтті.

Шара басында кітаптың мазмұны, құрылымы және идеясы таныстырылды. Бұл басылымда ауыл тарихы, ардагерлердің естеліктері, еңбек адамдарының үлесі мен жерлестердің жетістіктері қамтылған.

Кеш барысында Ақсудың өркендеуіне үлес қосқан қадірлі тұрғындарға құрмет көрсетіліп, марапаттау рәсімі мен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Аталған кітаптың жарық көруіне үлес қосқан барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/971263?lang=kk