
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Әл-Фараби ауданы бойынша ХҚКО алаңында заңгерлік кеңес берілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында тәжірибелі адвокаттар, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қала тұрғындарына проблемалық мәселелерді шешуге көмектесті.
Азаматтар материалдық көмекті өндіріп алу, мүлікке тыйым салуды алып тастау, әлеуметтік төлемдер алу және жұмысқа орналасу, сондай-ақ жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге қатысты түрлі мәселелермен жүгінді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар азаматтарға барлық бағыттар бойынша кеңес беріп, мемлекеттік органдармен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлермен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, орын алған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесетін болады.
Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасының басты мақсаты қала тұрғындары үшін көшпелі кездесулер мен қабылдаулар өткізу арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-shymkent/press/news/details/971289?lang=kk

Жауап қалдыру