Көппәтерлі тұрғын үйді басқару үшін уақытша басқарушы компанияны таңдау бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көппәтерлі тұрғын үйді басқару үшін уақытша басқарушы компанияны таңдау бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 149 “Тұрғын үй инспекциясының көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларын бекіту туралы” бұйрығына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі Астана қаласы, Алматы ауданы, Б. Момышұлы даңғылы, 2Г үй мекен-жайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны тағайындау бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

         Басқаруға жататын көппәтерлі тұрғын үй туралы мәліметтер:

  • Мекенжайы: Астана қ., Алматы ауданы, Б. Момышұлы даңғылы, 2Г үй, 1және 2 блок
  • Нысанның мақсаты: Көппәтерлі тұрғын үй
  • Қор категориясы: Тұрғын үй
  • Қабат саны: блок 1- 17 қабат, блок 2 – 15 қабат
  • Жалпы алаңы: блок 1- 9810 ш.м., блок 2 – 8260 ш.м.
  • Тұрғын алаңы: блок 1-3804,9 ш.м., блок 2 – 3042.9  ш.м.
  • Пәтер саны: блок 1-82 пәтер., блок 2 – 65 пәтер.
  • Қабырға материалы: «Эковер» жылу оқшаулағыш тақталарымен және
    « CERESIT» HENKEL»  сәндік сылағымен оқшауланған СКЦ1 блоктары
  • Салынған жылы: блок 1-2019 жыл, блок 2 – 2016жыл.
  •  

         Көппәтерлі тұрғын үйді басқару қызметтерін көрсетуге ниет білдірген әлеуетті басқарушы компаниялар тұрғын үй инспекциясына конкурс жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай ақпарат пен құжаттарды ұсынады:

         1) көппәтерлі тұрғын үйді басқаруға қатысуға туралы өтінім (1 – қосымшаға сәйкес);

         2) құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жарғы);

         3) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және ақпараттық жүйелер арқылы алынған әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы (болуы) туралы мәліметтер. Анықтама құжаттар ұсынылған күннің алдындағы бір айдан ерте берілмеуі тиіс;

         4) өз құрамында оқытудан өткен және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттелген ұйым немесе мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттауды жүзеге асыратын орталықтарда берген кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға арналған біліктілікті растайтын құжаты бар мамандардың болуы;

         5) баға ұсынысы.

         Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде нөмірленген және тігілген түрде, мына мекенжай бойынша ұсынылады: Астана қ., Республика даңғылы, 32, 509-кабинет немесе жергілікті атқарушы органның тұрғын үй инспекциясының электрондық поштасына ұсынылады: a.eskendir@astana.kz.

         Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін өтінім берілген кезінде басқарушы компанияның өтінімі автоматты түрде қабылданбайды.   

Скачать ПРИЛОЖЕНИЕ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzh/press/news/details/971345?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді