
Ардақты ағайын!
Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ораза айт – ата дәстүрімізбен сабақтасып, елді бірлік пен татулыққа үндейтін, адамдарды өзара сыйластық пен мейірімге шақыратын маңызды мереке екенін атап өтті. Сондықтан бұл күн – жүректерге жылулық сыйлап, жақсылық пен ізгілікті дәріптейтін ұлық мейрам.
Қасиетті Рамазан айының аяқталуын айшықтайтын осы мейрамда, жүрекке мейірім мен қуаныш ұялайтын шуақты сәтте отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.
Әр шаңырақ шаттыққа толып, бақытқа кенелсін!
Ораза айт құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1186839?lang=kk

Жауап қалдыру