
Жастар ресурстық орталығы NEET санатындағы жастармен кездесті
⚜️Қызылкесік ауылының Жастар ресурстық орталығының маманы NEET санатындағы жастардың үйлерін аралап, олармен жеке кездесулер өткізді.
✨Кездесу барысында жастарға жұмыспен қамту, білім алу және кәсіпкерлік мүмкіндіктері туралы кеңестер беріліп, арнайы жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, оларды белсенді өмір салтына тарту және түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу жолдары түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat-ekpin/press/news/details/971431?lang=kk

Жауап қалдыру