
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді. Агроөнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстармен, жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мәселелерін талқылады.
Мемлекет Басшысының үш жыл ішінде Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнім үлесін 70%-ке дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы облыста жоспар бойынша орындалуда.
Қазіргі таңда Қостанай облысы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі бойынша еліміздің жиырма өңірі ішінде төртінші орында.
Былтыр облысымыздың ауыл шаруашылығы саласында 7 заманауи сүт-тауарлы фермасы пайдалануға берілді, тағы 7 ферма салынуда. Оның бесеуі биыл іске қосылады. Осындай ірі жобаның бірі – Қостанай индустриалдық аймағы аумағында құрылысы жүріп жатқан «Надеждинка» серіктестігінің 1000 сауын сиырға арналған сүт-тауарлы фермасы. Жылына 7,5 мың тонна сүт өндіріліп, 50 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
«Баян Сұлу» АҚ қолға алған «Кондитерлік астана» жобасының іске қосылуымен, жылдық өндірістік қуаты 100 мың тоннадан асады. Қостанай облысы еліміздегі ірі кондитерлік өнім өндіруші аймаққа айналады.
ден астам сүт өнімдерін өндіретін «МИЛХ» ЖШС-нің жылдық өндірістік қуаты 40 мың тонна өнім. Қазір мұнда 250 адам еңбек етеді.
2024 жылы «Костанай бекіресі» серіктестігі жүзеге асырған жоба бойынша былтыр 15 тонна бекіре балығы өндірілсе, биыл бұл межені 25 тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл — солтүстік өңірлерде теңдесі жоқ жоба. Қазіргі уақытта серіктестік форель өсіру фермасын, оны өңдеу цехын және сақтауға арналған тоңазытқыш қоймасын салу жобасын жүзеге асырып жатыр. Жобаның жобалық қуаты жылына 50 тонна балық өндіру. Жоба аясында өз өндірісін қамтамасыз ету және басқа балық шаруашылықтарына сату үшін шабақ өсіру қарастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1189056?lang=kk

Жауап қалдыру