Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сессияны мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы жүргізді.
Сессия жұмысына аудан әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, бюджеттік мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген 13 мәселе жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның атқарған жұмыстары, Сарыағаш қаласы әкімінің және бірқатар бөлімдер мен ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды. Сонымен қатар, ауданның құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салалары бойынша атқарылған жұмыстар сараланды.
Бұдан бөлек, мәслихаттың бақылауда тұрған шешімдерінің орындалу барысы қаралып, қолданыстағы бірқатар шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды. Әкімшілік-аумақтық құрылысқа қатысты ұсыныстар қаралып, комиссиялар құрамын қайта бекіту жөніндегі шешімдер қабылданды.
Сондай-ақ аудандық мәслихат аппаратының басшысы Оразәлі Жанысбек Өсербайұлына құрмет көрсетіліп, зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты иығына шапан жабылды. Ұзақ жылдар бойы атқарған адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, ізгі тілектер айтылды.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1188968?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді