“Әділ болу – азаматтық парыз”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Әділ болу – азаматтық парыз”

Қазақстан халқы Ассамблеясының “Елтану” жобасы аясында “Әділ болу – азаматтық парыз” тақырыбында Үшарал қаласының тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – қоғамда әділдік қағидаттарын насихаттау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және әрбір азаматтың заң алдындағы жауапкершілігін түсіндіру болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға адалдық, парасаттылық және әділдік құндылықтарының маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындар өз ой-пікірлерін білдіріп, өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қоғамдағы сенім мен бірлікті нығайтуға ықпал етті.

Жиын соңында қатысушылар әділ қоғам құру – әр азаматтың міндеті екеніне тоқталып, алдағы уақытта да осындай тағылымды іс-шараларды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-usharal/press/news/details/1188830?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді