2026 жылғы 19 наурызда Шахтинск қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы қала Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен және “AMANAT” партиясының Шахтинск қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірлесіп, Шахтинск қаласында су тасқыны кезеңіне дайындық барысына мониторинг жүргізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 наурызда Шахтинск қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы қала Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен және “AMANAT” партиясының Шахтинск қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірлесіп, Шахтинск қаласында су тасқыны кезеңіне дайындық барысына мониторинг жүргізді.
Іс-шараға қатысқандар: Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Саттыбаев А.Е.; Шахтинск қаласының ТКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Айтышов А.Т.; Шахтинск қаласының ТЖ бөлімінің бастығы Бахшиев С.Н.; Шахтинск қалалық мәслихаты депутаттық фракциясының мүшелері Мусабаев Б.Е. және Кадырова М.Р.; Шахтинск қалалық мәслихатының депутаты, Қоғамдық кеңестің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және экология мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы Шакенов Т.Т.; Қоғамдық кеңес мүшесі, “Бірлік пен Даму” бастауыш партия ұйымының төрағасы Манапов Р.Т.; партияның Шахтинск қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Муратбекова М.С.; Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Абдулаев М.А.
Комиссия мүшелері су басу қаупі жоғары қаланың негізгі аудандарын аралап шықты: Сопка ауданы, Индустриальная көшесі, Байдуков–Седов көшесі, Белинский көшесі, Автовокзал.
Мониторинг барысында жеке сектор аудандарында және Сопкада барлық байланыстырушы өткел құбырларын тазалау бойынша ұсынымдар берілді. Жалпы қала бойынша коммуналдық қызметтер су басудың алдын алу үшін нөсерлік кәріз арналарының уақытылы тазалануын қамтамасыз етуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1188716?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді