
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1, 5-тармақтарына және 11-бабының 1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында келесі жобалар қаралып, талқыланды және ұсыныстар берілді.
– «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/142-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;
– «2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп беру туралы» облыс әкімдігінің қаулысының жобасы;
– «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі №118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының жобасы;
– Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2025 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысында акваөсіру өнімдерінің (балық шаруашылығы) өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемін бекіту туралы» қаулысының жобасы;
– «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 95 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 248 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
– «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
– «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 37 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/971679?lang=kk

Жауап қалдыру