
2026 жылғы 27 наурызда Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс 63-сессиясы өтті. Отырыс барысында депутаттар ауданның дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар мәселелерді қарады.
Негізгі мәселелердің бірі ретінде 2026-2028 жылдарға арналған ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу қаралды. Енгізілген түзетулер елді мекендердің өзекті қажеттіліктерін ескере отырып, қаржыландыру басымдықтарын нақтылауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, аудан әкімдігі жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің жаңартылған құрамы бекітілді. Бұл шешім әлеуметтік осал топтарды қолдау жұмысын күшейтуге бағытталған.
Бұдан бөлек, депутаттар Целиноград ауданы әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу мәселесін қарап, қолдады.
Отырыстың қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-celinograd/press/news/details/1188305?lang=kk

Жауап қалдыру