
Математика және физика пәндері мұғалімдеріне арналған «EsepTime» интенсиві
2026 жылғы 26 наурызда білім бөлімінің жоспарына сәйкес, математика және физика пәндері мұғалімдеріне арналған ай сайынғы «EsepTime» интенсиві өз жалғасын тапты.
Іс-шара барысында педагогтер аттестацияға дайындық аясындағы пәндік білім беру бағдарламасы (ПББ) тапсырмаларын жан-жақты талдап, есептерді шешу кезінде жиі кездесетін қиындықтар мен оларды еңсерудің тиімді әдіс-тәсілдерін қарастырды.
Интенсив мазмұны тәжірибелік жұмысқа бағытталып, мұғалімдер күрделі есептерді бірлесіп талдау арқылы өзара тәжірибе алмасты. Әсіресе, типтік қателіктерді анықтау және олардың алдын алу жолдарын қарастыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылып, облыстың өзге білім беру ұйымдарының педагогтері үшін тікелей эфирде көрсетілді.
Практикалық талдау мен кәсіби пікір алмасуға негізделген «EsepTime» интенсиві педагогтердің пәндік және әдістемелік құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ аттестация тапсырмаларын оқу үдерісіне тиімді енгізу дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1188257?lang=kk

Жауап қалдыру