Бір тамшы қан – бір өмір!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Денсаулық күніне” орай Алматы қаласы Еріктілер Фронт офисінің ұйымдастыруымен қан тапсыру акциясы сәтті өтті!
Бұл игі шараға қаламыздың 200-ге жуық жастары, волонтерлері, төтенше жағдай және әкімшілік қызметкерлері белсене қатысып, өз үлестерін қосты!
Әрбір донор – нағыз қаһарман!
Сіздердің арқаларыңызда бір емес, бірнеше өмір құтқарылуы мүмкін!
Аталған акция Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алмалы ауданы әкімдігі, Төтенше Жағдай Департаменті және Қан тапсыру орталығының қатысуымен өтті.
Қан – өмір, ал сіз – үміт! Осындай ізгі істеріміз көп болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/971715?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді