
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың 2026 жылғы 26 наурыздағы №1–100ө өкімімен «Шардара аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшы болып Тұрлыбеков Жоламан Ерсайынұлы тағайындалды. Аудан басшысы бөлім ұжымына жаңадан тағайындалған басшыны таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Өз сөзінде аудан әкімі: – Бұл сала – аудан экономикасының дамуына тікелей әсер ететін маңызды бағыттардың бірі. Сондықтан сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Жаңа басшының тәжірибесі мен білімі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді деп сенемін. Алдағы жұмыстарыңызға табыс, ел игілігі жолында нәтижелі еңбек тілеймін, – деді.
Жаңа басшы болып тағайындалған Тұрлыбеков Жоламан Ерсайынұлы – тәжірибелі мемлекеттік қызметші. Ол 1976 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығын меңгерген.
Еңбек жолын 1994 жылы бастап, 2004 жылдан бері мемлекеттік қызметте түрлі жауапты лауазымдарды атқарған. 2013–2026 жылдары Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарды.
Отбасылы, 3 баласы бар.
Жоламан Ерсайынұлына жаңа қызметте сәттілік тілейміз!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1188202?lang=kk

Жауап қалдыру