
Шардара ауданында Тазару күніне орай ұйымдастырылған “TazaLIKE” экофестивалі аясында ауданға кіреберіс негізгі бағыттарда кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, Шардара–Арыс, Шардара–Жетісай, Шардара–Келес облыстық маңызы бар күре жолдарының бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, айнала ретке келтірілді. Тазалық шарасына 10 ауылдық округіне қарасты қоғамды жұмысшылар жұмылдырылып, жол жиегінде бей-берекет шашылған қоқыстар жиналып, арнайы орындарға шығарылды.
Құрметті көлік жүргізушілері!
Табиғат – баршамызға ортақ қазына. Жол үстінде тұрмыстық қалдықтарды көлік терезесінен тастамай, арнайы қоқыс жәшіктеріне қалдыруды әдетке айналдырайық. Өкінішке қарай, жол бойында қалдырылған әрбір қоқыс табиғаттың ластануына, экологияның нашарлауына себеп болуда.
Таза жол – мәдениетті қоғамның көрінісі. Табиғатты бірге қорғайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1188199?lang=kk

Жауап қалдыру