“Таза Қазақстан” экологиялық жобасы аясында 23 наурыз – Тазарту күніне орай өткен “ТазаLIKE” экофестивалі барысында “Мөлдір бұлақ” акциясы ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аталған шараға Казсушар, Орман шаруашылығы және “Хамит” балық зауытының қызметкерлері белсенді қатысып, су жағалауларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жағалау аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Мұндай игі бастамалардың басты мақсаты – табиғатты қорғау, су көздерінің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру. Бірлескен еңбек нәтижесінде табиғат аясы тазарып, туған өлкенің көркі арта түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1188197?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді