
Оқу-жаттығу барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мотоатқыштар батальонының әскери қызметшілері дабыл бойынша көтеріліп, шоғырлану ауданына шықты.
«Арыс» полигонында мотоатқыштар ротасының әскери қызметшілері маңызды нысандарды күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін пысықтады.
– Роталық тактикалық оқу-жаттығу негізгі жауынгерлік дағдыларды жетілдіріп қана қоймай, жеке құрамның тактикалық ойлау қабілетін дамытады. Одан бөлек, командирлерді кенеттен болған жағдайларда жедел шешім қабылдауға үйретеді, – деді батальон командирі майор Арман Айтбаев.
Оқу-жаттығу бөлімшенің жауынгерлік дайындығын, жеделдігін және іс-қимылдарының үйлесімділігін тексеруге бағытталды. Сабақтар ұрыс жағдайына барынша жақын сценарийлер бойынша өтті. Бұл ротаның жедел дайындығын арттырып, қойылған міндеттерді тиімді орындауға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1188157?lang=kk

Жауап қалдыру