
Қарағанды облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясы Нұркен Кобжановтың төрағалығымен өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, қала және аудан әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия барысында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және өңірді одан әрі дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Негізгі шешімдердің бірі – мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және басқару үдерістерін оңтайландыруға бағытталған Қарағанды облысын басқарудың жаңа құрылымын бекіту болды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысына сәйкес Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы атты жаңа мемлекеттік орган құру көзделген. Бұл шара кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілер санын ұлғайту жоспарланбайды: құрылымды қалыптастыру кадр ресурстарын ішкі қайта бөлу есебінен жүзеге асырылатын болады.
Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе – мәслихаттың Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасын Цифрлық технологиялар басқармасы деп қайта атау туралы шешімі болды.
Бұл шешім өңірдің цифрлық трансформация басымдықтарына сәйкес атқарушы органдар құрылымын жетілдіру қажеттілігімен байланысты.
Сонымен қатар, 1500 орындық конгресс-холл құрылысын қамтитын «Толық бітіріп берілетін» негізіндегі құрылыс нысандарының тізімі бекітілді. Ол іскерлік, мәдени және қоғамдық іс-шараларды өткізуге арналған маңызды алаңға айналады. Бұл жобаны іске асыру жаңа бастамаларға қолданыстағы мораторий аяқталғаннан кейін жоспарлануда.
Сессия барысында қабылданған шешімдер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және облыс инфрақұрылымын одан әрі дамытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1188057?lang=kk

Жауап қалдыру