ТҮРКІСТАНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы және «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Қарашық өзені бойында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында өзен жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қоршаған ортаны қорғау және табиғи аумақтарды сақтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды.
Экологиялық акцияға қала тұрғындары, еріктілер және тиісті сала мамандары белсенді түрде қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Айта кетейік, мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1188038?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді