
Кентау қаласында “Ашық есік күні” аясында бірыңғай қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Қала әкімі Жандос Тасов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, елмен етене тілдесті.
Қабылдауға жиырмаға жуық тұрғын келіп, көкейлерінде жүрген түрлі мәселелерін ортаға салды. Жер телімін алу, жол жөндеу, тұрғын үймен қамту, балалар ойын алаңшасын салу, көше жарықтары мен әлеуметтік салаларға қатысты түйткілдер көтерілді.
Қала басшысы әр мәселені мұқият тыңдап, заң аясында түсініктеме берді. Шешімді қажет ететін жайттар бойынша жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуын қатаң бақылауға алатынын жеткізді.
Тұрғындар әкімнің ашық әрі нақты әрекетіне ризашылық білдіріп, осындай қабылдаулар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілектерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/971763?lang=kk

Жауап қалдыру