Наурыз мейрамы Сербияда аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 25 наурыз, Белград қ. – Қазақстан  Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігінде Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында дипломатиялық клубқа жаңару, бірлік және мәдени дәстүрлердің сабақтастығын білдіретін «Наурызнама» тұжырымдамасы таныстырылды. Мерекелік бағдарлама қатысушыларға қазақ халқының бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Қонақтарға ерекше әсер қалдырған – дәстүрлі ұлттық атмосфера болды: қазақтың ұлттық киімдері, тұрмыстық бұйымдары, соның ішінде ұлттық ыдыстар мен киіз үйдің жабдықтары көрсетіліп, көшпелі мәдениеттің ерекше өмір салты мен философиясы таныстырылды.

Іс-шара барысында қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тату мүмкіндігіне ие болды.

Белградтағы Наурыз мейрамын атап өту 2019 жылы дипломатиялық миссия ашылғаннан бері жыл сайынғы дәстүрге айналып, Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға және достық қатынастарды нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1188027?lang=kk