ШҚО-да есірткіге қарсы насихат LED-экрандар, қоғамдық көлік, кинотеатрлар және әлеуметтік бейнероликтер арқылы жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында 13 LED-экранда нашақорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілуде. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – халықтың есірткінің зияны туралы хабардарлығын арттыру, оған деген теріс көзқарас қалыптастыру және азаматтардың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың есірткіге тәуелділікке тартылу қаупін азайту.

Сонымен қатар нашақорлықтың алдын алу және оны анықтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында бұқаралық ақпарат құралдарында 109 материал жарияланды. Оның ішінде 10-ы – телеарналарда, 32-сі – баспа басылымдарында, 17-сі – интернет-ресурстарда және 50-ден астамы әлеуметтік желілерде жарық көрген.

Бұдан бөлек, «Есірткіге жол жоқ!» атты әлеуметтік бейнеролик әзірленіп, кеңінен таратылды. Аталған бейнематериал жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға, жастардың өмірлік құндылықтарды саналы әрі жауапкершілікпен таңдауына бағытталған.

Фотосурет әлеуметтік бейнероликтен

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1187961?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді