Қасым-Жомарт Көбейсін Ұлытау облысы ТЖД ресми өкілі болып тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қасым-Жомарт Көбейсін 2001 жылғы 17 тамызда бұрынғы Қарағанды облысы (2022 жылдан бастап Ұлытау облысы) Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2022 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінің бакалавриатын аяқтап, 2024 жылы аталған оқу орнында «Әлеуметтік ғылымдар магистрі» ғылыми дәрежесін иеленді.

Еңбек жолын азаматтық қорғау органдарында 2024 жылдың қараша айында бастаған.

Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Имидждік жұмыстар және сыртқы коммуникациялар тобының баспасөз хатшысы қызметін атқарып келді.

Қызмет барысында ақпараттық саясатты тиімді жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ төтенше жағдайлар саласындағы жедел әрі шынайы ақпаратты халыққа жеткізу бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізді. Оның қатысуымен департаменттің ақпараттық ашықтығы артып, қоғаммен байланыс сапасы жаңа деңгейге көтерілді.

Жаңа лауазымда Қасым-Жомарт Көбейсін азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты одан әрі жетілдіруге, төтенше жағдайлар кезінде халықты жедел әрі сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуге және қоғаммен тиімді коммуникацияны нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-ulytau/press/news/details/1187834?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді