«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі бойынша қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылғы 2-4 сәуір аралығында Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының  оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

«Мағжан оқулары» 3 номинация бойынша өткізілді:

I номинация – «Өлең – менің Шолпаным, Айым Күнім» – Мағжан шығармаларын жатқа оқу;

II номинация – «Жасынан оқу оқып, өнер куған…» – ғылыми жоба жұмысы;

III номинация – «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас дарындар (өз шығармаларын орындау) байқауы.

«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша келесі қатысушылар марапатталды:

  1. Еренбекұлы Нұрсұлтан – Целиноград ауданы Қоянды ауылы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – I орын;
  2. Дастан Айзере – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы – IІ орын;
  3. Жартай Жаным – Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы– IІІ орын;
  4. Сатыбалдина Раушан – Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы – грамота;
  5. Халибек Жаннұр – Жарқайың ауданы Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – грамота.

«Жасынан оқу оқып, өнер куған…» – ғылыми жоба жұмысы номинациясы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар:

  1. Амангелді Диас – Ақмола облысы білім басқармасының “Білім -инновация” лицей-интернатының 9-сынып оқушысы – І орын;
  2. Габдуллина Дильназ – Көкшетау қаласының № 6 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы – ІІ орын;
  3. Жанатбекқызы Назылы – Бұланды ауданы “Макинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – ІІІ орын;
  4. Шамыханова Айша – Целиноград ауданы Қараөткел ауылы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы – грамота.

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас дарындар (өз шығармаларын орындау) номинациясы бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:

  1. Усербаев Елжас – Степногорск қаласының Ю.А.Гагарин атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы – I орын;
  2. Эргашев Мұхаммед – Целиноград ауданы Қоянды ауылы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – IІ орын;
  3. Абдуразақ Иманғали – Қосшы қаласы ІТ мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – IІІ орын;
  4. Шолтаманов Даулет – Ақкөл ауданы Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – грамота.

Мағжан оқулары байқауының I орын жүлдегерлері республикалық кезеңге жолдама алды. Байқау жеңімпаздарына сәттілік тілейміз!!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/971849?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді